Стресс қазақша


Эмоционалды стресс. Күйзеліс

Күйзеліс (сресс) дегеніміз — бұл күшті әсерден адамда пайда болатын зорланған көңіл күй.

Күйзеліс – бұл қоршаған ортаның жағымсыз өзгерістеріне жауап ретінде организмнің ерекшеленбеген қорғаушы реакциясы.

Күйзеліс (стресс) түрлері

  • Кәсіби күйзеліс ( жұмыста болған күйзеліс)
  • Сезім әрекетіне бой алдырған күйзеліс
  • Жарымжандық күйзеліс
  • Рухани қалып күйі күйзелісі
  • операциялық күйзеліс ( хирургиялық операцияға организмнің реакциясы )
  • Жарақаттау қызметін басынан кешіруден пайда болған күйзеліс және т.б.

стресс қазақша

Күйзеліске нелер түрткі болуы мүмкін?

  1. Физикалық түрткілер: ыстық, суық, шу, от, жол қозғалысы, зорлық – зомбылық, аурулар, жұмыс жағдайларының нашарлығы және т.б.
  2. Әлеуметтік түрткілер: қоғамдық, эконоикалық және саясаттық; отбасылық; жұмыспен, мансаптылықпен байланыстылар; жеке адамдар аралық.
  3. Отбасылық түрткілер: міндеттерді бөлу, қызғаншықтық, құндылықтар жүйесіндегі өзгешелік, аурулар (отбасындағы өлім – жітім және т.б.)

Стресстің (күйзеліс) бірнеше сатылары болады. Олар:

Бірінші (үрейлену сатысы). Мұндай кезеңде жүрек жиірек соғады , ас қорыту уақытша тойтарылады. Адам бұндай күйде ұзақ бола алмайды , өйткені шаршайды.

Екінші (қарсыласу сатысы). Ол күйзеліс жағдайының даму және жалғасуына қарай басталады. Бұл сатыда адам жағдайларға бейімделе отырып , қолайлы ережеде әрекеттенеді. Бұл саты біршама ұзаққа созылуы мүмкін.

Үшінші (әлсіреу сатысы). Әлсіреу сатысы, егер күйзеліс тым күшті немесе ұзақ болғанда басталады. Оның белгілері; сезім әрекетіне бой алдырған (үрейлену, енжарлық, кейігіштік, психикалық шаршағандық), мінез – құлықтық (жауаптылықтан және өзара қатынастан бойды аулақ салу, ойда болмайтын мінез көрсету, өзіне көңіл қоймау) және соматикалық (денсаулықтың нашарлауы, жүдеу, тым көптеп дәрі – дәрмек қолдану) салаларында басталады. Қарсыласу мүмкіншілігін жоғалту ауруларға, психологиялық жарақат алуға, әкеліп соғады.


Кейбір батыс сарапшыларының бағалаулары бойынша аурудың 70% сезім әрекетіне бой алдырған күйзелістермен байланысты болған. Еуропада жыл сайын миллиондаған адамдар күйзеліске байланысты жүрек-қантамыр жүйесінің қызметтерінің бұзылысынан өлген.

Күйзелістің екі түрі

«Жағымды» күйзеліс ұзақтайын көтеріңкі көңіл күйде болуға әкеледі, оның өзі организмге жақсы әсер етеді: иммунитет артады, аурулардың беті қайтады, адам қуаныш толысуын сезінеді, өте жақсы көрінеді және тамаша сезінеді.
«Жағымсыз» күйзеліс дағдылы қалыптан ұзақ уақытқа шығарып тастайды және денсаулығына елеулі зиян келтіреді.

Негізгі белгілері:

  1. ұмытшақтық,
  2. көтеріңкі қозғыштық,
  3. тұрақты шаршағандық,
  4. әзіл – оспақты түсіне білуден айырылу,
  5. Кенет тартылатын сигарет санының көбейуімен бірге бір мезгілде алкогольдік ішімдікке құмарту
  6. ұйқы мен асқа деген зауықтылықтың жоғалуы
  7. ақыл – естің төмендеуі
  8. Кейде, бас, арқа, асқазан тұстарында былай айтылатын «психосоматикалық» ауру дегеннің кездесуі мүмкін.

Источник: kazmedic.org

Стресстен тез арылудың жолдары

2. Балмұздақ жеу
Дәмді тағам – пайдалы антистресстік доппинг. Көтеріңкі көңіл-күйді сақтап, стресстен арылуға құрамында жүйке жүйесі үшін пайдалы омега-3 қышқылдары бар балық көмектесе алады. Егер балық ұнатпасаңыз, банан немесе балмұздақ жеңіз. Бұлар да өз алдына антидепрессанттардан еш кем емес. 


3. Массаж
Күш-қуаттыңызды сақтап қалу үшін мұрын немесе еріннің астындағы, екі қастың ортасындағы және алақанның ортасындағы нүктелерді уқалаңыз. 

4. Алақанды уқалау
Стресстің алдын алудың тағы бір оңай жолы – екі алақанды бар күшпен бір біріне тигізіп уқалау. Қолдарыңыз ысып кеткен кезде бойыңыз сергіп, ойыңызды жинақтай аласыз.  

5. Түрлі стресс пен жанжалдарды шайып жіберу
Эмоционалдық негативтен арылуға 15 минуттік жуыну көмектеседі. Иықтарыңыз бен басыңызға бағытталғын жылы судың астында тұрыңыз. Көп уақыт өтпей-ақ су барлық жағымсыз заттарды өзімен алып кеткендей сезінесіз. 

6. 27 зат
Шығыс практиктерінің айтуы бойынша қайғы-мұңмен қоштасқыңыз келсе, міндетті түрде үйдегі 27 заттың орнын ауыстыру керек. Бұл энергияның керекті бағытта кедергісіз сырғуы үшін кеңістікті босатады деп санайды олар. Осы тәсілді байқап көріңіз. Шын мәнінде ойыңыз басқа жаққа ауып, проблемаларды ұмытқаныңызды байқайсыз. 

7. Баспалдақ
Баспалдақпен 30 секунд жоғары-төмен жүгіріңіз. Аталған жаттығу денедегі эмоционалдық стресске жауап беретін мидың бөліктеріне оттегінің келуін күшейтеді.

8. Бояулар
Психологтардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, күшейген стресс сәтінде 2-3 минут бойы белгілі бір суретті бояу жұмысыңызды уақытында аяқтау мүмкіншілігін 5 есеге арттырады екен. Демек сіз стресстен арылып қана коймай, сонымен қатар өмірге керемет бір туынды әкелуіңіз де мүмкін. 


9. Гибискус шәйі
Радикалдардың жиналуынан адамның ішінде үрей мен дүрбелең сезімдері пайда болады. Гибискус радикалдардың топталуына кедергі жасап, оларды сұйылтады. Осылайша сіздің бойыңызды түгелдей әлсіретпестен стресстен арылуға көмектеседі. 

10. Қолды сермеу 
Көп жағдайларда стресстің себебі иық белдеуі, мойын және бел омыртқа бұлшық еттерінің өз серпімділігін жоғалтып, қысылуынан пайда болатын арқа мен бас аурулары болып табылады. Массаж бен жүзу осылардан арылуға үлкен септігін тигізе алады. Үйде немесе жұмыста отырған кезіңізде қолдарыңыз бен аяқтарыңызды жан-жаққа сермеу сияқты қарапайым жаттығулар жасау арқылы сол аурулардың алдын алуға болады. 

11. Үй жинау
Заттарды орын орнына қою ойдың жинақталуына әкеледі. Онымен қоймай, сөрелер мен шкафтардың ұқыпты кейпі сіздің өміріңізге психологиялық әсер арқылы дәл сондай жинақылық алып келеді. 

12. Ойлануға бір минут
Ойыңызды бір арнаға келтіру үшін үйде жалғыз қалудың тәсілін табыңыз. Өзіңізге ұнайтын әнді қосып, тоңызытқыштан жақсы көретін тамағыңызды алып, сүйікті креслоңызға отырыңыз. Бұл өмірде ең қатты нені қалайтыныңыз жайлы ойланып көріп, қағаз бетіне жазыңыз. Айқын мақсаттың болуы келесі қадамдарды анықтауға көмектеседі.

13. Ароматерапия. 
Иістер мен адамның эмоционалдық есте сақтау қабілеті арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан өміріңіздің үлкен қуаныш, шаттық пен ләззатқа толы сәттерімен байланысты иістер әрқашан қол астыңызда болғаны дұрыс. Соны көбірек иіскесеңіз, көңіл күйіңіз тез арада қалпына келеді.


14. Би
Міндетті түрде билеңіз! Егер фитнес-клубқа баруға уақытыңыз, мүмкіндігіңіз не қалауыңыз болмаса, көңілді әуенге ырғақты қимылдар жасап билеңіз. Миыңыз мұндай әрекетті өз-өзін қинап спортпен шұғылдану емес, ойын-сауық ретінде қабылдайды. 

15. Өз-өзіңізбен сөйлесіңіз.
Бір сәтке стресс тудырып тұрған мәселенің сыртына шығып, өзіңізге сұрақ қойыңыз. Бұл нәрсе 5 жылдан кейін сіз үшін маңызды болады ма? Ал егер қазір қалаған еліңізге саяхаттауға кетсеңіз, осы проблеманы өзіңізбен алып кетесіз бе? Басқалар да дәл қазір сіз сияқты уайымдап жатыр ма?

 

Источник: massaget.kz

1.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
РККАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Кафедра: Паталогиялық физиология
Тақырыбы: Стресс
Қабылдаған: Жукешева. М .Қ
Орындаған: Турлыханова. А Жолдасова Г
Курс: 2
Факультет: ЖМ
Топ:14

2. Жоспар:


Кіріспе:
a. Стресс туралы түсінік
b. Стерессорлар
Негізгі бөлім:
a. Ганс Селье және оның ілімі
b. Стресс сатылары, түрлері
c. Стресстен туатын аурулар , профилактикасы
Қорытынды:

3. Стресс — бұл

(ағыл. stress) қатты күйзелу, абыржу,
мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты
бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама
сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.

4. Стресстің себептері — стрессорлар

Стресстің сыртқы себептері
Жаңа қалаға (мектепке) көшу
Жұмыс орнының ауысуы
Ажырасу
Жеке басына топтық қысым көрсету,
қуғындау.
Стресстің ішкі
себептері
мақсатсыз өмір
өзіндік бағасының
төмендігі
Жағдайды бағалай
алмау
Әртүрлі аурулар, т.б.
Ақшалай мәселелер
Жақын адамынан
айырылу
Қоршаған орт а әсері

5. Ганс Селье

Канадалық эндокринологдәрігер
«Стресс» атауын
медицинаға ол алғаш XX
ғ. 60 – шы жылдары
енгізді
Ол бейімделістің жалпы
синдромы деген ұғымды
енгізді

6.

• . Бұл ғалымның байқауы бойынша әсер еткен
қолайсыз ықпалдардың(ол жарақатпа, жұкпа ма,
химиялыќ улану ма немесе ауыр қайғы – қасірет
пе) түріне қарамай оларға организм әрқашан
бірбеткей жауап қайтарады.
л кезде: айырша
без бен лимфалық түйіндердің кері дамуы,
бүйрек үсті бездерінің гипертрофиясы, асқазан
мен ұлтабардың шырышты қабықтарында
ойық жара дамуы, қанда нейтрофильдер
көбейіп, эозинофильдер мен лимфоциттердің
азаюы, тіндерде зат алмасуларының өзгерістері
байқалады. Көрсетілген өзгерістер әсер еткен
қолайсыз ыќпалдың түріне қарамай әрдайым бір
түрде болатын болатындықтан,
оларды организмнің арнайыланбаған,
серпілістеріне жатқызады.

7.

• Мәселен, жануарлардың алдыңғы гипофизін немесе
бүйрек үсті бездерін сылып тастағанда, кез келген
ыќпалдарға олардың төзімділігі ќатты азайып, бұл
жануарлар тез жан тапсырады. Ал, жануарларға алдын
ала кортикотропин немесе глюкокортикоидтыќ
гормон (гидрокортизон, кортизон, преднизолон т.с.с.)
енгізіп, содан кейін оларға химиялыќ улы зат енгізсе
немесе оларды жараќаттаса онда көрсетілген
ыќпалдарға деген жануарлардың төзімділігі
артады. Сол себептен кортикотропин
мен глюкокортикоидтыќ гормондарды адаптациялыќ
гормондар деп атайды. Осыған байланысты стрессті
Г.Селье жалпы адаптациялыќ синдром деп
жариялады. Бұл синдром үш сатыда өтеді:

8.

Организмнің ішкі тұрақтылығы стресті
дамытатын және оны шектейтін жүйелердің
өзара тепе теңдігімен қамтамасыз етіледі.
Стресті дамытатын жүйеге:
• Симпатикалық адренергиялық жүйе
• Гипоталамус
• Алдыңғы гипофиз
• Бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты және т.б
жатады.

9.


• Стресті шектейтін жүйе
• Мидағы гамма аминомай қышқылына (ГАМҚ)
серотонинге эндорфинндер энкефалиндер
жатады
• Шеткері ағзалар мен тіндерде тіндерде
түзілетін простагландиндер және
антиоксиданттық ферменттер жатады және
олар стресс дамуын азайтады.

10.

«Абыржу» сатысы
Төзімділік сатысы
Әлсіреу сатысы

11. «Абыржу» сатысы

— жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын
жауаптың алғашқы кезеңі. Шок және қарсы тұру
кезеңдерінен тұрады.

12. Төзімділік сатысы

— жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне
беріліп кетпей, оған төзу реакциясы
туады.

13. Әлсіреу сатысы

— бейімделу қорының мүмкіндігі
азайып, таусылады, сондықтан
психологияда дезадаптация
(бейімделудің нашарлап
жойылуы) пайда болады.
Стресстің көпке созылған ауыр
түрі адамды
жүдетіп қайғыға батырады.

14. Селье эустресс және дистресс деп стрессті 2-ге бөлді

Эустресс – «жағымды
стресс» — стресстің қиын,
бірақ күресуге болатын
жағдайында болады.
Стресстің бастапқы сатысы.
Егер артық күш одан әрі түсе
берсе дистресске әкеледі.
Дистресс – «жағымсыз
стресс» — артық күш,
зақымдаушы әсерден
организмнің зардап шегуі.

15. Стресс


Физиологиялық
— физикалық жүктемеде,
ауырған кезде, қатты
ашыққанда т.б. пайда
болады.
Қарсы белгілері
Бас ауруы
Гипертония
Гастрит

Психологиялық
— адам тосын оқиғалар
кезінде теріс эмоциялар,
қорқыныш, ашу сезімдері
пайда болғанда байқалады
Қарсы белгілері
Қалтырау
Қызығушылықтың жоғалуы
Депрессия

17. Стресстің профилактикасы:

1.
2.
3.
Демалыс!
Белсенділік: жүгіру, таза ауада серуендеу, гимнастика,
спорт, дұрыс тамақтану, т.б.
Ұйқы! Бұл өте маңызды!
Расслабляющий массаж – прикосновение. Как проще всего
утешить человека? Как всегда успокаивают детей?!!
Обнимают и гладят по спине. Интуитивно мы понимаем, что
прикосновение имеет огромную силу. Дети часто просят,
чтобы их просто погладили. Это очень успокаивает

18. Қорытынды:

Қазіргі таңда жұмыс, тамақтану режимі,
қозғалыс белсенділігі, ұйқы мен демалыс
сапасы, қоршаған ортамен тығыз байланыс
сияқты адамдардың өмір салтына стресс де
кіріп отыр. Демек стресс – қоғамның ең
күрделі міселерінің бірі.
Бірақ бәрі де өз қолымызда. Егер әр адам дені
сау болуға, бақытты өмірге қарай ұмтылса,
онда қоғам да сондай болады деген сөз.

19. Пайдаланылған әдебиеттер:


1. www.google.ru
2. www.yandex.ru
3. www.bestreferat.ru
4.”Адам физиологиясы” Сәтбаев Х.Қ,
Өтепбергенова А.А, Нілдібаева Ж.Б

Источник: ppt-online.org

Ақтау қаласы №3 орта мектебі педагог-психолог Ералиева Гүлдана Құранғазықызы

Стресс дегеніміз не?

Психологтар «стресс» тақырыбын ұзақ уақыт бойы зерттеп, оның себебін түсінуге және одан шығу үшін адамдарға жол ашуға тырысты. Стресстің пайда болу себептері әр түрлі. Бұл кінә сезімі, құндылықтардың жойылуы, оқуға деген жеккөрушілік және т.б. факторлар болады.

Стресс – адамның ширығуын талап ететін күрделі, күтпеген, аса жауапты, маңызды немесе қауіпті жағдайларда пайда болатын көңіл-күй ахуалы.  Стресс денеге және ақыл-ойға тез және жауапты шешімді талап ететін көп салмақ түскенде, дау-жанжал т.б кезінде туындайды.  Стресс қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз. Біз оны әруақытта сезінеміз – сахнада өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стресстің өзі шарасыздыққа алып келеді. Стресс адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен стресстің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек.

Стресс ақырындап өзі туралы білдіре бастайды.

Оның бірінші белгілері:

• алаңғасарлық;

• жоғарғы қозғыштық;

• жиі шаршау;

• әзiлшiлдiк сезiмiнiң жоғалтуы;

• кенеттен тартылатын темекі санының өсуімен бірге, алкогольдік сусындарға құмарлықтың пайда болуы;

• ұйқының және тәбеттің жоғалуы;

• естің нашарлауы;

• кейде баста, арқада, асқазанда «психосоматикалық» деп аталатын аурулар болуы мүмкін;

• қуаныш негізінің толық жоғалуы.

Стресті жеңу үшін не істеу қажет ?

 Біріншіден: стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе, В витамині жетіспейді. Дәрігерлердің көбі витаминдерді пайдалану қажет десе де, шамаңыз келсе пайдаланбаған жөн.

Екіншіден: денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.

Үшіншіден:психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер: баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар.

Төртіншіден: үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасының, жолдастарыңның, жақын-туыстардың көмегі қажет. Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы  салтанатты мәжілістерге, тойларға баруды және қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңыздар. Ата-аналарыңа, өзедріңнің әжелері мен аталарыңа, ағаларын мен апайларыңат және басқа жақын-туыстарынат барып, амандығын білуге тырысыңыз. Өйткені, олар да сізден махаббат, қамқорлық, мейрімді жылы сөзді күтіп отыр.

Источник: kopilkaurokov.ru


Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.