Психология деген не


Психология  пәнінің маңызы және әдістері.

 

Жоспар;

 

1. Психология пәні

 

2. Психологияның маңызы және міндеттері.

 

3. Психологияның әдістері.

 

4. Психологияның салалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Психология – психикалық құбылыстардың пайда болуы, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

    Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстағы мидың әр түрлі бейнелері  болып табылады. Психологиялық құбылыс ( түйсік, елес, ой, сезім, ерік, қабілет, мінез, әдет, т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, күнделікті тілімізде жиі кездесетін ұғымдар.


р қарағанда бұлардың бәрін арқайсымыз тез ажырата да білетін сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы жан – жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзара заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте заманнан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұнғыш келген жері ежелгі Греция. Психология гректің 2 сөзінен тұрады. 1) Псюхе (жан), 2) Логос (білім), сүйтіп бұл сөзді Жан туралы ғылым деп түсінген жөн. Адам баласы аспанның көгілдір, ағаш жапырақтарының жасыл түсті екенін көреді. Даладан келіп жатқан әр түрлі дыбыстарды естиді, бір заттардың суық, екінші бір заттардың ыстық екендігін сезінеді. Яғни, әрбір адам өзінің айналасындағы заттарды түйсініп қабылдауға қабылетті болып келеді. Адамда ойлау, сөйлеу қабілеттері бар. Адам баласы бұрын болған оқиғаларды есте сақтайды, келешек туралы ойлайды. Бұл жағдай ес пен қиялдың арқасында болады. Көп жағдайлар адамдарда қуану немесе ренжеу сезімдерін туғызады. Адам бір нәрсеге ұмтылады, сол мақсатқа жету үшін еркін көрсетеді.

    Қазақстанда іргелі  ғылыми – зерттеулер соңғы жетпіс жыл көлемінде ғана өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Бұл жағдай, әрине, психология ғылымына да ортақ болатын. Әлбетте, осы ғылымның алдағы жерде гүлдеп шешек атуына, біртіндеп қанатының қатаюына бірсыпыра алғышарттар сонау ерте замандардан Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай – ақ 20 – жылдарда жарық көрген.


    Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, ес, ойлау, сөйлеу, қиял, еркіміз психикалық процесстер деп аталады. Кейде психикалық процесстер  неғұрым күрделеніп кетсе, онда адам белгілі бір толқуды басынан кешіреді, бұл психикалық қалып деп аталады. Мәселен, оқушының сабаққа деген зейінділігі немесе селсоқтығы, адамда болатын қуане не ренжу, т.б. жағдайлар.

  Әрбір адамда өзіне тән кейбір ерекшеліктері болады. Мәселен, бір адамның кітап оқуға ықыласы күшті болады, екінші бір адам математикаға қабілетті, енді біреулері қызба болып келеді, мұндай адамды темпераментті адам дейді. Тағы біреулер байсалды болады, мұндай адамды мінезге бай адам дейміз.

    Қабілет, темперамент, мінез – бұл адамның психикалық қасиеттері.

  Психикалық процесстер, психикалық жағдай және психикалық  қасиеттер бір – бірімен тығыз байланысты, бұлардың жиынтығы психика болып саналады.

  Жан туралы ғылыми түсінік еж.грек ғалымы Аристотель ( б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдар мен ( философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) араласа, астарласа дамып келді.  Ғылымның осы саласына эксперементті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1838-1920) болды.

   Психология ғылымының  тарихы да бір – біріне қарама  – қарсы, жоғарыда аталған  екі бағыттың үздіксіз ой –  пікір талас – тартысына толы. Мәселен, ертедегі грек ойшылдарының  бірі Демокрит ( б.з.д 460-370) сол кездің өзінде –ақ жанды отың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалисттік тұжырым жасады. Сол заманның екінші  бір ойшылы, идиолист Платон (б.з.д 47-347), керісінше жан мәңгі өлмейді, өшпейді деп тұжырымдады.


  Психологияда қолданатын әдістер әр түрлі болады. Бақылау, эксперемент, әңгімелеу әдісі адам қызметінің нәтижесін зерттеу болып табылады.

   Ғылым ретінде психологияның міндеті – психикалық өмірдің негізгі заңдарын зерттеу. Бұл заңдарды білу әрбір адамға қажет. Психологияны зер салып зерттеген адамның қай – қайсысы болса да, өзінің күшті және осал жақтарын көре біледі, өзін – өзі тәрбиелеп, жақсы қасиеттерін жетілдіруге, кемшіліктерін жоюға мүмкіндік алады. Психологияны үйреніп білу – адамға еңбек және оқу істерінде тигізер көмегі мол. Ой – әрекетін жақсы  түсінуге, еске сақтауға, зейін аударуға жол ашып береді. Адамның психикалық өмірін бейнелейтін әдебиетті, тілді, тарихты және басқа қоғамдық ғылымдарды зерттеп білуде психологияның маңызы зор. Балалардың психикалық ерекшеліктерін білмейінше, оларды ойдағыдай оқытып тәрбиелеуге болмайды. Жалпы психологиямен қатар психология ғылымының жеке салаларыда болады. Мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін бала және педогогикалық психологияны білудің  маңызы зор. Педогогикалық психология оқу – тәрбие жұмысы прцессінде балалардың психикасын зерттеумен шұғылданады. Ол оқушыларды ойдағыдай оқытып тәрбиелеудің психикалық шарттарын зерттейді.


    Психологияның,  әсіресе мұғалімдер үшін маңызы  зор. Анатомия мен физиология  білмейтін дәрігердің жұмысы  қандай дәрменсіз болса, психологияны  білмейтін мұғалімніңде оқу тәрбие  саласындағы еңбегі нәтижелі  болмайды. Осы жайлы Украинаның  аса көрнекті педагогі Макаренко  (1888-1938)   бізге талай ескерген болатын.

  БАҚЫЛАУ- психологияда кең тараған әдіс. Зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, оның психикасын, қозғалысын, сөйлеген сөзін жоспарлы түрде бақылайды. Адамның мінез-құлқын дұрыс түсіне білудың де маңызы зор. Мәселен, оқушының бет әлпетінен дем қоя берудің керегі жоқ. Кейде оқушы зер салып тыңдап отырған адамның болады. Ал шынында ол мұғалімнің айтқанын тыңдамай отырады. Сондықтан, балалардың жәй күйін білу үшін оларға зер салып қарау жеткіліксіз, басқа әдістер, сұраулар қоюды қолдану керек.

  ТӘЖІРИБЕ- ғылыми зерттеу жүргізуден эксперементтік дістің мәні сыналушыға зерттеуге қажет психикалық процессті әдейі жасатады.

Тәжірибенің 2 түрі болады.

1. Зертханалық   тәжірибе. 

2. Табиғи тәжірибе.

  1. Зертханалық тәжірибе дегеніміз- арнаулы аспаптар қолданылған тәжірибені айтамыз. Мәселен,тері сезгіштігін байқау үшін эстезометр бар. Қазіргі кезде ғарышты игерумен медецинаның қарқынды дамуымен байланысты, қасыңдағы отырған адамның психикалық күйін, физиологиялық қауіпін біліп ғана қоймай, арнаулы аспаптар арқылы алыста тұрған адамныңда ішкі күйін біле аламыз. Соның бірі – радиорефлексиометр. Бұл аспап арқылы аспанда ұшып жүрген  ғарышкерлердің рефлекстерін бақылап отыруға болады.


  2. Психология пәнінде қолданылатын тәжірибе әдісінің тағы бір түрі Табиғи тәжірибе деп аталады. Жоғарыда айтылған әдістер мұның айырмашылығы  сол, табиғи зертханада емес, оқушының күнделікті, үйреншікті ортасында өткізіледі.

     Психология  салалары.

Қазіргі уақытта психология ғылымы бірнеше салаларға бөлінеді. Адамның нақты іс әрекеттеріне сүйене отырып, оның психикасының дамуын былай  жіктейді;

  1. Тәлім – тәрбие. (педогогикалық психологиясы) – адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтарды зерттейді. Тәлім – тәрбие психологиясының мынандай тармақтары бар; а) оқыту психологиясы дидактиканың психологиялық негіздерінің оқыту мен білім берудің жекелеген адістеме мәселелерін, бағдарлап оқытумен балалардың ақыл ойын қалыптастыру мәселелерімен шұғылданады. ә) тәрбие психологиясы гуманисттік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзеу психологиясының негіздеріне қатысты мәселелерді зерттейді.

   2. Жас кезеңдерінің психологиясы әрқилы психикалық процесстердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, псизологиялық саналарын зерттейтін бұл сала мынандай тармақтардан тұрады; балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер псигологиясы мен кәрілік психологиясы ( геронтология). Бұл сала оқыту мен ақыл – ойдың дамуын зерттейді.


  3.Арнаулы психология бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әрқилы аурулардың себептерін қарастырады.

   Арнаулы психологияның  тармақтары; олигофрено психология  – ми зақымы ауруымен туған  адам психологиясының дамуын, сурдопсихология  – саңырау не керең болып  туған балалар психологиясын,  тифлопсихология – нашар көретіндер  мен зағиптардың психологиялық  дамуын зерттейді.

  4. Еңбек психологиясы адамның іс – әрекет түрлерінің психологиясын, ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психологиялық талаптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі. Олардың ішінде инженерлік психология, авиациялық психология, ғарыштық психология, т.б.бар.

   5. Медициналық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез – құлқын зерттейді.

  6. Әскери психология азаматты ел – жұрты мен Отанын қорғау мақсатында психологиялық тұрғыдан даярлайды.

  7. Әлеуметтік психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерін, адамдардың әр түрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған, бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.

  8. Спорт психологиясы спортшылардың іс – әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерді қарастырады. Спорт жетекшілер мен бағынушылардың өзара қарым – қатынасын, олардың даярлаудың жағдайын анықтайды.


  9. Сауда психологиясы. Әрбір елдің саяси – экономикалық және мәдени – материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді.

  10. Ғылыми – шығармашылық психологияда шығармашылық адамының жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі, т.б.сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылық – эвристика тәсілі.

  11. Салыстырмалы психология психиканың физогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктерін ажыртады.

  12. Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселелерді зерттеу мен оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот  психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзеу психологиясы деп аталатын тармақтардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Қолданылған әдебиет:  Қ.Жұмасова  «ПСИХОЛОГИЯ» (2-басылым)

Источник: www.referat911.ru

      Еуразия Академиясы

      «Еуразия» институты 
 
 
 
 
 
 


      РЕФЕРАТ

      «Психологияның  мәні және

      оның  міндеттері» 
 

            Орындаған:Кадешева Д.С.

        Тексерген: Баянғалиева Р.М. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                         

                                       

                                           2011ж 
     Адам — көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді.
ам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады…". Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі — жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы — тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды.

      Психологияның ерекшеліктерін, ежелден, адам ақылы  тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады.
найы бір заттың қабылдануы  заттың  өзінен  түбегейлі  айырмашылықта  болатыны айдан анық. Тәннен жанды  бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін ежелгі адамдар да білген. Осыған байланысты адам екі бөліктен тұрады деген сенім  пайда болған: сезілетін тәннен жэне сезілмейтін жаннан; адамның тірі кезінде жаны тәнінде болады, ал жан тәннен ажырағанда — адам өледі. Адам ұйқыда жатқанда жаны басқа жерге  уақытша орын ауыстырады. Осылайша, психикалық үрдістер, ерекшеліктер, күйлер ғылыми талдаудың пәні болмас бұрын, адамдардың бір-бірі жайлы психологиялық  қарапайым ілімдер жинақталған.

      Адамның психика туралы нақтылы көзқарасын оның жеке өмір тәжірибесі қалыптастырады. Қоғамдық және жеке тәжірибелерден алынған  психологиялық қарапайым мәліметтер, бірлесіп еңбек ету үрдісінде, бірлесіп өмір сүру кезінде басқа адамның  әрекеттері мен қылықтарына дұрыс  жауап қайтаруға қажетті шарттар  болып саналатын, ғылымға дейінгі  психологиялық ілімдерді құрайды. Бұл ілімдер қоршаған адамдардың мінез-құлықтарына бағыт-бағдар беруге дұрыс ықпал етуі мүмкін. Алайда, олар дәлелсіз, тереңдетілмеген жүйесіз  болып табылады. Біз оларды тек  өз тәжірибеміз арқылы ғана емес, сонымен  қатар көркем әдебиет, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыздар, мысалдар арқылы меңгереміз. Міне, осылар қазіргі заманғы психологияның  барлық психологиялық теориялары мен  салаларының бастаулары болып саналады.

      Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл  сұраққа жауап беру ойлағандай оңай емес. Бұл сауалға жауап беру үшін ғылыми психология тарихының әрбір  даму кезеңіндегі психологиядағы ғылыми ілімнің мағынасы туралы көзқарастың  қалайша өзгеретініне үңілу қажет. Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пән  ретінде таралуына жүз жылға  жетер-жетпес уақыт болды, бірақ  басты мәселесі, философия пайда  болғаннан бері, философиялық ой ретінде  кездеседі.

      XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басында,  белгілі психолог Г.Эббингауз  психологияның тарихы қысқа, ал  тарих алдындағы кезеңдері ұзақ  деп психология туралы қысқа  да нұсқа айтты. Бұл жерде,  тарих ретінде, философиядан бөлініп  табиғи ғылымдарға жақындау және  жеке эксперименттік әдістерді  ұйымдастыру кезеңі деп   аталған   психиканы   зерттеудің   кезеңі   айтылған.   Бұл   XIX ғасырдың  соңғы ширегінде болды, бірақ психологияның қайнар бұлағы ғасырлар қойнауында жатыр.

      Пәннің  атауы ежелгі грек тілінен аударғанда, психология (псюхе-жан, логос-ілім) жан  туралы ілім дегенді білдіреді. Кең  таралған көзқарастар бойынша, алғашқы  психологиялық түсініктер діни нанымдармен  байланысты болды. Шындығында, ғылымның ақиқатты тарихы көрсеткендей, ежелгі грек философтарының ертедегі көзқарастары адамның алғашқы білімімен тығыз  байланыста болатын практикалық  таным үрдісінде пайда болады және жаратылысты — жалпы, жанды — жеке деп санайтын мифологиялық нанымдары  бар дінге қарсы туып келе жатқан ғылыми ой күресі барысында дамиды. Жанды зерттеу және түсіндіру — психология пәнінің қалыптасуының алғашқы  кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде  анықталды. Алайда, жан дегеніміз  не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әр түрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы және дамуы  әрқашанда философияның негізгі  мәселесінің шешіміне -материя мен  сананың, рухани және материалдық субстанциялардың арақатынасына байланысты болған.

      Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериялы қарсы екі философиялық бағыттар пайда болды: идеалистік және материалистік. Идеалистік философия  өкілдері психиканы материядан тыс, жеке болатын, бірінші болатын құбылыс  ретінде қарастырады. Материалдық  түсінік психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс түрінде көрсетеді.

      Идеалистік  философия өкілдері материядан тәуелсіз ерекше рухани бастаудың бар екендігін  мойындайды, олар психикалық әрекетті материалдық, тумайтын әрі өлмейтін жан түрінде қарастырады. Ал барлық материалдық заттар мен үрдістерді сезімдер мен түсініктер ретінде  немесе қандайда бір "абсолютті рух", "жаратылыстық ерік", "идеялар" сияқты жұмбақ құбылыстар ретінде қарастырады. Адамдар психикалық құбылыстарды ерекше, тылсым күштердің — адам туған кезде  тәніне еніп, ал өлгенде ұшып кететін  жан мен рухтың әрекеттері деп  тәннің құрылысы мен қызметі туралы қате көзқараста болған кезде идеализм пайда болды. Алғашқыда жан әр түрлі ағзаларда болатын жіңішке  ерекше дене немесе тіршілік иесі деп   түсіндірілді.   Дін   пайда   болған   кезде,   жан   тәннің   өзіндік көшірмесі, адамды тастап кеткеннен соң мәңгі өмір сүретін қандай да бір "басқа дүниемен" байланыста болатын, денесіз және өлмейтін рухани тіршілік иесі ретінде ұғыныла  бастады. Осының негізінде идея, рух, сана-бірінші, барлық тіршіліктің қайнар бұлағы, ал табиғат, материя — екінші, идеядан, санадан, рухтан туындайды деп тұжырымдайтын  философияның әр түрлі идеалистік жүйелері пайда болды.

      Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материалдық табиғат бағынатын  заңдарға бағынбайды деп қарастырған  идеалистік философия, адам психикасын түсінудегі материалдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды. Жан  туралы көзқарастар қандайда болмасын метаморфозаларды бастан өткерсе де, жанды өмірдің қозғаушы көзі деген  тұжырым тұрақты болып қалды. Тек XVII ғасырда ғана Рене Декарт психологиялық  ілімдердің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар ағзаның әрекеті — оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі  де жанды қажет етпейді дегенді  көрсетті. Оның идеялары психология ғылымының  кейінгі тағдырына ерекше ықпал  етті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана және рефлекс. Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді  қарама-қайшы қояды. Ол өзара тэуелсіз екі субстанцияның — материя мен  рухтың — бар екендігін айтады. Сондықтан  психология тарихындағы бұл ілім "дуализм" (латын тілінен duaIіs — "қосалқы") деген атаққа ие болды. Дуалистердің көзқарасы бойынша, психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі  емес, мидан тыс әрі одан тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы  бұл бағыт объективтік идеализм деген атқа ие болды.

      Дуалистік ілімдердің негізінде XIX ғасырдағы  психологияда психофизикалық параллелизм (яғни психикалық және физикалық құбылыстар қатарлас — өзара тәуелсіз, бірақ  бірге деп тұжырымдайтын) деген  идеалистік теория кеңінен таралды. Психологиядағы бұл бағыттың басты  өкілдері — Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо. Бине, Джемс және басқалар.

      Шамамен, осы уақыттан бастап психология пәні туралы жаңа түсініктер пайда болады. Сезіну, ойлау, тілеу қабілеттерін сана деп атай бастады. Сонымен психика  санаға теңестірілді. Жан психологиясы орнына сана психологиясы келеді. Алайда, сана ұзақ  уақыт бойы басқа табиғи үрдістерден оқшауланған ерекше құбылыс ретінде түсінілді. Философтар сананы құрайтын қарапайым "элементтері" бар, субъективті сезінудің нәтижесі немесе құдайдың ісі деп санай  отырып, саналы өмір жайында әр түрлі  тұжырымдарды айтты. Бірақ барлық идеалист-философтарды "психикалық өмір -өзін-өзі бақылау  арқылы ғана танылатын және себебін  түсіндіруге объективтік ғылыми талдаудың шамасы келмейтін субъективті  ерекше жаратылыстың көрінісі" деген  ортақ пікір біріктірді. Мұндай түсінік  кең таралды, ал көзқарас сананың  интроспективтік ұғымы арқылы белгілі  болды. Осы дәстүр бойынша психика  санаға теңестіріледі. Осы ұғымның  салдарынан сана өзімен-өзі шектелді. Бұл психиканы объективтік тұрмыстан  жэне субъектінің өзінен түбегейлі  алшақтауын білдірді.

      Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан  уақытынан басталатын дамуы, XIX ғасырдың екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы және зерттеудің әр түрлі әдістерін  пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне ұштасты. Бірақ XIX ғасырдың соңындағы теориялардың барлығы  және XX ғасырдың теорияларының бір  бөлігі сананың интероспективтік психологиясының  төңірегінде жасалды. Бұл теория психологиялық зерттеулер пәнінің  шынайы қоршаған ортадан және адамдардың практикалық әрекеттерінен тыс  қаралатын, адамға түсінікті уайымдар аумағының шектелеуімен сипатталады. Сана мен мидың ара қатынасы туралы мәселе дуализм ұстанымының басымшылығымен осы теориялар арқылы шешімін  табады.

      Сананың құрылымының, мазмұнының және белсенділік  деңгейінің әр түрлі сипатталуы — интероепективтік психология шеңберіндегі теориялар  арасындағы негізгі айырмашылық  болып саналады. Ереже бойынша, сипаттамалардың  біреуі жетекші ретінде айқындалды. Әдетте, осының негізінде сананың  идеалистік психологиясының бес  түрін атап көрсету қажет: сана элементтерінің теориясы, негізін салушылар В. Вундт  және Э.Титченер, Вюрцбургск психология мектебінің кейбіреуінің осыған қатысы бар:

  • сана актілерінің психологиясы, Франц Брентаноның атымен байланысты;
  • сана ағымының теориясы, Уильям Джемс жасаған;
  • гештальт психология — ерекше аумақтар теориясы;
  • Дительдің сипаттамалық психологиясы.

      Қоршаған жаратылыспен белсенді  әрекеттесетін нақты адамның  орнына сананың қойылуы осы  теориялардың ортақтығы болып  табылады; шынайы адам осының  ішіне еніп кетеді. Барлық іс-әрекеттер  сананың белсенділігіне келіп  тіреледі.

       Осы кезде психологияда эксперименталдық  әдіс бола тұрса да, психикаға  ұғымдық емес, сипаттамалық көзқараспен  қарау — барлық аталған теориялардың  негізгі ерекшелігі болып саналады. Вундт 1879 жылы Лейпцигте алғашқы  экспериментальды психологиялық  лабораторияны ұйымдастырды. Сана  психологиясында төмендегідей мағынадағы  эксперимент жасалуы мүмкін. Зерттеуші  нақтылы сыртқы жағдайларды жасай  отырып, осы кездегі үрдістер  ағымын бақылайды. Алайда, адамның  өзін-өзі, жеке ішкі күйлерін, сезімдерін, ойларын бақылауы түріндегі  бұл бақылаулар интроспекция ("ішке  үңілу") әдісі деген атқа ие  болып, арнайы сипатта болады. Мұндай бақылауда басты ғылыми  талап — объективтілік болмайды. Осының нәтижесінде XX ғасырдың  басында, біріншіден, ғылыми объективтік  білімнің дамуы сұрауларының  салдарынан және әлеуметтік-экономикалық  талаптардың салдарынан, екіншіден, — интроспектив-тік психологияның  дағдарысқа ұшырайтыны белгілі  болды.

Источник: www.freepapers.ru

Психология. Психология пәнінің міндеттері.

Психология. Психология пәнінің міндеттері.

Адам — көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн «Жалпы психология негіздері» еңбегінде (1940) былай деп жазды: «Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады…». Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі — жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы — тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды.

Психология Психология  —  адамның  жеке  бірлік  ретіндегі  психикасын , өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін  ғылым , кей-кезде  адам  мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік,  қоғамдық ,  кәсіпкерлік , кей жағдайда  саясаттық  және  теологиялық . Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша  іс-әрекеттің  негізі ретінде зерттеу.

Психология

Психология  —  адамның  жеке  бірлік  ретіндегі  психикасын , өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін  ғылым , кей-кезде  адам  мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік,  қоғамдықкәсіпкерлік , кей жағдайда  саясаттық  және  теологиялық . Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша  іс-әрекеттің  негізі ретінде зерттеу.

Психологияның зерттеу объектісі Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.

Психологияның зерттеу объектісі

Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.

Этимологиясы Этимологиялық  деңгейде психология рух пен руханиятты ( көне грекше : ψυχή — рух) зерттеу ( көне грекше :  -λογία  — сөз, ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік ( ниет-пиғыл , байым, әрекет), интеллективттік ( ақыл-ой ) функцияларымен шектеледі. Бұл

Этимологиясы

Этимологиялық  деңгейде психология рух пен руханиятты ( көне грекше : ψυχή — рух) зерттеу ( көне грекше :  -λογία  — сөз, ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік ( ниет-пиғыл , байым, әрекет), интеллективттік ( ақыл-ой ) функцияларымен шектеледі. Бұл «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Алайда психология — ақыл-ой қызметтерін зерттеумен бірге, рухани себеп-салдар әдістемесі, рухани жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу.  Ақыл -ой — тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді.

Психология оны оқыған адамдардың алған жағына қарай бірнеше мәселелермен кесіп өтілген. Көптеген нәтижелер жинақталған болып, кейбір гипотезаларды растау немесе қабылдамай тастау мүмкін болса да, қорытындылардың синтетикалық және рационалдық комбинациясы ортақ пәтуаға келмеген. Психология мәселелері

Психология оны оқыған адамдардың алған жағына қарай бірнеше мәселелермен кесіп өтілген. Көптеген нәтижелер жинақталған болып, кейбір гипотезаларды растау немесе қабылдамай тастау мүмкін болса да, қорытындылардың синтетикалық және рационалдық комбинациясы ортақ пәтуаға келмеген.

Психология мәселелері

Психология ғылым ба? Әлі күнге дейін де бұл сұрақ қойылып отыр. Екі концепциялар бір біріне қарама қайшы, біріншісі психология ғылым ретінде қалыптасқан десе, екіншісі оны тек пре ғылым деп, талқыға салады. Аристотельдік (преғылыми) және галилейлік (преғылыми) ойлау түрлерін салғастырған Курт Левиннің текстіне сүйеніп, бұл мәселені қарастыра аламыз.

Психология ғылым ба?

Әлі күнге дейін де бұл сұрақ қойылып отыр. Екі концепциялар бір біріне қарама қайшы, біріншісі психология ғылым ретінде қалыптасқан десе, екіншісі оны тек пре ғылым деп, талқыға салады.

Аристотельдік (преғылыми) және галилейлік (преғылыми) ойлау түрлерін салғастырған Курт Левиннің текстіне сүйеніп, бұл мәселені қарастыра аламыз.

Психология ғылым Психологиялық лабораторияларды жарату бұл методологияға сүйенген адамдарға психологиялық ғылым расында бар нәрсе екендігін тұжырымдайды. Бұл көзқарас мына зерттеу методологиясына сүйенеді: Гипотезаларды ұсыну Тәжірибе немесе бақылау Гипотезаларды түзету, растау немесе қабылдамай тастау Қорытындылау және бірінші кезеңге қайта өту Осылай психология статистикалық қайта өндіре алатындай нәтижелерге тіреле алады.

Психология ғылым

Психологиялық лабораторияларды жарату бұл методологияға сүйенген адамдарға психологиялық ғылым расында бар нәрсе екендігін тұжырымдайды. Бұл көзқарас мына зерттеу методологиясына сүйенеді:

  • Гипотезаларды ұсыну
  • Тәжірибе немесе бақылау
  • Гипотезаларды түзету, растау немесе қабылдамай тастау
  • Қорытындылау және бірінші кезеңге қайта өту

Осылай психология статистикалық қайта өндіре алатындай нәтижелерге тіреле алады.

Психология ғылым емес

Грек, латынның кейбір сөздері өз ана тіліне айналып кеткен Батыс елдері(ағылшын, неміс, француз, итальян, испан, грек) үшін, «психология» сөзі — «руханият» деген мағынада ұғылады. Мысалы, қазақ үшін, арабтың «рух» сөзі қазақтың өз сөзі сияқты ұғылады емес пе?! Дәл сол сияқты, «псюхе» сөзі батыста «рух» деп ұғылады. Батыс елдері «Ағылшын руханияты», «Француз руханияты», «Грек руханияты» дегендей етіп өздерінің ұлттық руханиятын зерттеуге ден қойған. Яғни батыстағы «руханият жайлы ғылым» дегенің ақылға қонымды, пайдалы ғылым бола алады. Ал Кеңестік шекпеннен шыққан елдер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін «психология» дегеннің не мағына беретіні де бұлыңғыр. Бізде, «псюхе» сөзін «рух» деп санамайды, «жан» дейді; ал «психология» дегенді «руханият» деу орнына «жантану» деп қателеседі. Батыс елдері «рухани даму», «рухани азық», «рухани кесел» дегендей мәселелерді қарастырып жатса, біздікілер олардың атауын ғана алып, «психикалық даму», «психикалық азық», «психикалық кесел» деп, ішкі мәнін дұрыс ұқпай шала түсінікті сөздерге айналдырады, сосын оның түпкі мәнін жеткізе алмай сандырақтап кетеді. Осы сияқты кемшіліктер, дәлірек айтқанда «былықтар» бізде толып жатыр. Сондықтан да Қазақстандағы «психология» ғылымы — ғылым емес. Әлбетте, оның ашқан жаңалығы да атымен жоқ. Мәселен, шет елдерде жасалып жатқандай кісітануға қажетті сын-сұрақтамалардың бірін де біздің «психологтар» жасай алған жоқ. Біздегілер Батыс елдеріндегі рухани жарамсыз қоқысқа саналған ескі тесттерін аударумен, көшірумен ғана айналысады. Мысалға, Батыс елдеріндегі ғалымдар, төрт темперамент түрін анықтау тесті түгілі, сол темпераменттің төрт түрі бар дегеннің өзін қате деп жоққа шығарған. Ал біздікілер «Айзенктің темперамент түрін анықтау тестін» енді аударып, студенттерге оқытуға кіріскен

Психологияның міндеттері Психологияның күрделi мiндеттердiң бiрi — заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре бiлу. Ғылымдық қатал талап объективтк заңдарды ашып қана қоймастан, олардың əрекетт iк аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психология зертеулерiнiң объектiсi психологиялық деректер мен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.

Психологияның міндеттері

Психологияның күрделi мiндеттердiң бiрi — заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре бiлу. Ғылымдық қатал талап объективтк заңдарды ашып қана қоймастан, олардың əрекетт iк аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психология зертеулерiнiң объектiсi психологиялық деректер мен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.

Еңбек психологиясы Педагогикалық психология Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады . Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз.

Еңбек психологиясы

Педагогикалық психология

Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .

Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз.

Медициналық психология Жас ерекшелік психологиясы Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология [2] , психофармакология [3] , психотерапия [4] , психопрофилактика [5] , психогигиена [6]  дейтін салаларға бөлінеді. Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 1. Балалар; 2. Жеткіншектер; #3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология); 5.Қарт адамдар психологиясы (геранто психология).

Медициналық психология

Жас ерекшелік психологиясы

Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология [2] , психофармакология [3] , психотерапия [4] , психопрофилактика [5] , психогигиена [6]  дейтін салаларға бөлінеді.

Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 1. Балалар; 2. Жеткіншектер; #3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология); 5.Қарт адамдар психологиясы (геранто психология).

Инженерлік психология Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор

Инженерлік психология

Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор

Арнаулы психология Салыстырмалы психология Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары: 1. Олигофренопсихология [7]  – ми зақымы ауруымен туған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдопсихология [8]  – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифлопсихология [9]  – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді. Салыстырмалы психологияға зоопсихология [10] , этология [11]  дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.

Арнаулы психология

Салыстырмалы психология

Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары: 1. Олигофренопсихология [7]  – ми зақымы ауруымен туған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдопсихология [8]  – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифлопсихология [9]  – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді.

Салыстырмалы психологияға зоопсихология [10] , этология [11]  дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.

Әлеуметтік психология Әскери психология Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді. Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.

Әлеуметтік психология

Әскери психология

Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.

Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.

Источник: videouroki.net

2. Адам бір нәрсеге үйрену үшін 2 ай уақыт керек, дәлірек айтқанда 66 күн жеткілікті. Кез келген әрекетті қалыптастырып, шегіне жеткізу үшін адамға осы кезеңнің аралығы керек. Мысалы, дұрыс тамақтануға көшуді ойлап жүрсеңіз, оған 55 күніңізді арнап көріңіз. Ары қарай күнделікті дағдыңызға айналғанын өзіңіз де аңғармай қаласыз.

3. Сүйіктіңізге сыйлық сыйлауды ойлап жүрсіз. Бірақ не сыйлайтыныңызды білмейсіз. Уайымдамаңыз, оның да шешімі бар! Оған алдын ала сыйлық сатып алғаныңызды айтып, қандай сыйлық екенін сұрап көріңіз. Сүйіктіңіз өзіне не қалайтынын сөзсіз тізіп шығады.

4. Түнімен мазасыз түстер көретін болсаңыз, демек сіз тоңып жатырсыз. Ғылыми фактілерге сүйенсек, жатын бөлме салқын болған сайын біз қорқынышты түстер көруге бейім келеміз.

5. Егер жаныңыз жабырқап, күйзеліске түссеңіз – кітап оқыңыз. Оқу – ағзамызға жақсы әсер етеді. Таңқаларлығы, бұл әдіс ішімдік ішуден, серуендеуден, шай ішуден, тіпті музыка тыңдаудан да әлдеқайда тиімді.

6. Белгілі фактілердің бірі, әйелдер киім дүкендерін аралағанда шашылып жатқан сөрелер мен киім ілгіштерге бірден назар аударады. Өйткені бейсаналы түрде, ең жақсы киімдер сол жерде деп ойлайды.

7. Адамдар сабырлы, байсалды адамға қарсы келмейді. Керісінше, біреу өз пікірін дәлелдеп, барынша қорғаған кезде, қарсылық танытады және онымен дауласуға дайын.

8. Адам үшін ең маңызды сөз – оның есімі. Танысқан кезде ең алдымен адамның атын есіңізде сақтаңыз. Қызметі де, мансабы да, мамандығы да маңызды емес. Бұл жақсы қарым-қатынас орнатудың алтын қағидасы.

9. Психологтардың айтуынша, әйел адамдар бейтаныс ер-азаматқа баға беруі үшін бар-жоғы 45 секунд қажет. Оның 10 секундында дене бітімін қарап шығады, 8 секунд көздеріне баға береді, 10 секунд еріні мен иегіне қарайды, 5 секунд иықтарына көз тастайды. Ал қалған 5 секундын ер адамның саусақтарында неке жүзігінің бар-жоғын анықтауға жұмсайды.

10. Тәжірибесіз адамдар өздерінің білікті әріптестеріне қарағанда көп есе жетістікке жетеді. Даннинг-Крюгердің айтуынша, тәжірибесі төмен адамдар әрдайым өз мүмкіндіктерін көтермелеуге бейім. Тіпті сан рет қателессе де, өздерінің тәжірибесі жоқтығын мойындамайды. Ал тәжірибесі мол, біліктілігі артық адамдар жағдайға байсалдылықпен қарайтындықтан, керісінше өз қабілеттерін төмендетіп жүреді. Сонымен қатар, айналасындағы адамдар оларды төмен бағалайды деп есептейді. Бұл фактілерді 1999 жылы Корнель университетінің психологтары Даннинг пен Крюгер дәлелдеп шыққан.

11. Кейде жауапсыз махаббат адамды психологиялық ауытқуларға шалдықтырады. Оны ғылымда – «Адели Синдромы» деп атайды. Адели Синдромы – бұл ұзақ уақыт бойы біреуге ессіз ғашық болу.

12. Спорттық жарыстардың алдында твиттер әлеуметтік желісінде жазылған барлық жазбаларды сараптай келе, ғалымдар мынадай пікірге келген. Жеңіске жетемін деген мәлімдеме алдын ала көп болған сайын, пікірталаста жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Нақтырақ айтқанда, әрқашан дұрыс айтпасаңыз да, өз-өзіңізге сенімді болыңыз.

13. Егер адам бірнәрсені есіне түсіре алмаса және осы уақытта сіздің көзіңізге тура қарап тұра берсе, ол сізді алдап тұрғанына сенімді болыңыз.

14. Қылмыс кезінде куәгер болған ер адам мен әйел адам оқиғаның желісін әртүрлі есте сақтайды. Егер қылмыскер сөмкені ұрлап кетсе, әйел-куәгерлер жәбірленушінің бет-әлпетіне мән береді. Ал, куәгер ер адам, керісінше, ұрлықшыны есінде сақтайды.

15. Біз барлығымыз армандап, қиялымызға ерік беруді жақсы көреміз. Зерттеушілердің пікірінше, армандауды ұнататын адамдар көбінесе тапқыр және әр түрлі мәселелерді жақсы шешуге бейім келетін көрінеді.

16. Аурудың 90%-ы психикалық сипатқа ие. Адам психикалық жағдайын қалыпқа келтіріп, жанын тыныштандырғанда ғана ауруынан құлан-таза айығады.

Дайындаған: Маржан Сәбет

Источник: balbal.kz

Психология пәні, міндеттері, мақсаттары
Психолгия- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.

Олар көпшілігімізге өз тәжірбиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауы, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауы- сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология” термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі- “логос”(сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.
Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдалды. Жан туралы осындай амнистик пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филипины) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені оның ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері “локаль” деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрлысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі-бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон /б.з.д. 427 – 347/ керісінше “жан мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі- шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920ж.ж.) Лейпцигте тұңғыш лаборотория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Психология даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален , Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, т.б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты. Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негзін жасауда, оны материалисік тұрғыдан түсіндіруге орыстың ұлы ғалымдары И.М.Сеченовтың (1829-1905ж.ж.) рефлекстер жөніндегі пікірлері мен И.П.Павловтың (1849-1936ж.ж.) жоғарғы жүйке қызметі туралы ілімнің маңызы зор болды.

Источник: referattar.kazaksha.info


Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.